Қалыпты және аралас теріге арналған 3-еуі 1-еуінде сергіткіш мицеллярлы су

Теріге тазарту кезінде-ақ күтім жасайды

  • Жалпы шолу

    Е дәруменімен байытылған қалыпты және аралас теріге арналған 3-еуі 1-еуінде сергіткіш мицеллярлы суы:

    1. Көздегі және беттегі макияжды кетіреді

    2. Тереңінен тазартып, күтім жасайды

    3. Ылғалдандырады және сергітеді

    Құрамында парабендер, силикон және иістеуіштер жоқ.

    Бұл қалай жұмыс істейді

    Мицеллярлы судың әсері тиімділігі мен жұмсақтығы жағынан бірегей, демек макияжды кетіру кезінде бұл құрал өте ыңғайлы. Тазарту қалай жүреді? Тазарту құралдарының басқа түрлерінің құрамында болатын классикалық ББЗ-дан ерекшелігі мицеллалар липидті құрылымды бүлдірмей, магнит сияқты әрекет етіп макияждың қалдығы мен ұсақ май бөлшектерін байланыстырады. Мицелланың мықтап ұстап тұратын макияж қалдығы содан кейін мақта дискісінің көмегімен оңай алынады.
  • Қалай қолдануға болады

    Құралды мақта дискісінің көмегімен теріге жеңіл уқалай отырып жағыңыз. Көздегі макияжды кетіру үшін мицеллярлы суға суланған мақта дискісін жұмылған көзіңізге бірнеше секундқа қойып, содан кейін макияж қалдығын мұқият алып тастаңыз. Құрал сумен жууды қажет етпейді.

  • Ингредиенттері

    3-еуі 1-еуінде сергіткіш мицеллярлы суының құрамында бірегей табиғи ингредиент бар:

    • Е дәрумені — сұлулық пен жастық шақ дәрумені ретінде белгілі күшті антиоксидант, теріні қалпына келтіруге, қарқынды нәрлендіруге, серпімділігі мен созылмалылығын арттыруға көмектеседі.