ЖІБЕКТЕЙ НӘЗІК ШАШ

БАРЛЫҚ ОТБАСЫ ҮШІН

Барлық отбасына арналған нәзік күтім

АЛОЭ ВЕРА, СУ ЛАЛАГҮЛ СЫҒЫНДЫСЫ ЖӘНЕ СҰЙЫҚ КЕРАТИН ҚОСЫЛҒАН

ҒАЖАЙЫП ЭЛИКСИР

ШАШТЫҢ САУЛЫҒЫ ҮШІН СУ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН КҮНДЕЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІП ОТЫРУ ҚАЖЕТ

Қызыңның немесе сүйікті жанның жібектей жұмсақ шашын сипағаннан артығы бар ма?.. Сау әрі сипағанда жағымды шаштар тұрақты күтімді және сыртқы факторлар мен сыртқы әсерден болатын сусызданудан қорғанысты қажет етеді. Шаш күтіміне арналған NIVEA жаңа өнімдері: ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ сусабыны мен ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ шайғышы шашты ылғалдандырып, жұмсартады. Нәзік формуласы шашты өте ұқыпты нәрлендіретін соншалық, ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ желісі балаларға да жарайды.

НӘРЛЕНДІРІП ЫЛҒАЛДАНДЫРУДЫҢ ҚҰПИЯСЫ

ШАШТЫҢ ӘДЕМІЛІГІ НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ?

ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ сериясы құралдарының формуласына алоэ вера, су лалагүлінің сығындысы мен сұйық кератин кіреді. Бұл ингредиенттер шашты ауырлатпай нәзік әрі қарқынды күтім береді. Алоэ вера — табиғаттың нағыз кереметі. Құрамындағы су мөлшері көп болуының арқасында (шамамен 95%) алоэ вера шашты қарқынды нәрлендіріп, ылғалдандырады. Су лалагүлінің сығындысы шашқа жеңіл жұпар иіс береді, ал сұйық кератин шаш құрылымын қалпына келтіріп, жұмсартып, жарқырата түседі.
ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ

ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР

АРНАЙЫ ЖАСАЛҒАН ФОРМУЛА. АЙТАРЛЫҚТАЙ ӘСЕР

«NIVEA ұсынған ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ құралдарының жаңа желісі клиенттеріміздің шаш күтімі бойынша ылғалдандыратын құралдарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы жасалған », — деп жауап береді доктор Свен Фей, шаш күтімі және стайлинг бойынша NIVEA зерттеулер және жаңалықтар бөлімінің басшысы. — Бұл құралдар желісі ұзаққа созылған зерттеу үрдісінің және нарықты зерттеу нәтижесі болып табылады. ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ құралдарының жаңа формуласы өзінің тиімділігін және балалар үшін қауіпсіздігін дәлелдеу үшін қатаң сынақтан өтті. Біздің зерттеу орталығымызда өткізілген сынақтар ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ құралдар желісінің шашты қарқынды ылғалдандырып, жұмсартып, жібектей ететінін растады және ол бүкіл отбасының қолдануына жарайды.
ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ

ТАЗА ШАБЫТ

САЛЛИДІҢ КЕҢЕСТЕРІ

1Шашты қалай сау әрі жұмсақ етуге болады?
Шаш күтімінің бет күтімі тәрізді тұрақты әрі міндетті процедура болуы өте маңызды. Шашыңызға барынша лайықты таңдап алыңыз және оны тұрақты түрде қолданыңыз. Шаш күтімі бойынша стандартты жинаққа жақсы тазартатын сусабын, ылғалдандыратын кондиционер және күнделікті күтім жасайтын маска кіруі керек. Шашыңызға неғұрлым жақсы күтім жасасаңыз, соғұрлым ол әдемі көрінеді! Шаш сау әрі жұмсақ болып және жарқырап тұруы үшін оны жақсылап ылғалдандыру қажет. Әдемі шаш – бұл ең алдымен сау және күтімді шаштар.
2Егер күн сайын шашты фенмен кептірсе – олар құрғап, түссізденіп қала ма?
Жоқ. Шын мәнісінде фенді күнделікті қолдану керек. Бірақ артық пайдаланудың қажеті жоқ! Егер сіз шашты фенмен кептірсеңіз, орташа температураны орнатыңыз. Сонымен қатар, жақсы фендерде әрдайым салқын ауаға ауыстырып-қосқыш болады, ол шаш үлгісін қалыптастырып, шашты сау әрі жарқыраған түр береді.
3Шашты қалайша күннен жақсылап қорғауға болады?
Жағажай үшін тамашасы шашқа арналған ылғалдандыратын масканы пайдалану: шаштың ұзына бойына жағып, биіктеп түйіп қойыңыз. Бұл сіз күнге қыздырынып жатқанда, шашыңызды жақсы күйінде сақтайды.
4Шашқа арналған ылғалданыратын масканы үй жағдайында жасайтын рецепті бар ма?
Иә, ондай рецепт бар! Шашқа арналған дербес масканы авокадо езбесінен, ас қасық био-йогурттан және ас қасық табиғи жожоба майынан алуға болады. Осы қоспаны шаштың ұзына бойына абайлап жағыңыз. Жеңіл уқалап, масканы шашқа толығымен сіңіріңіз. Үй жағдайында жасайтын шашқа арналған масканың тағы бір рецепті: шашыңызға зәйтүн майын сіңіріп жағыңыз – ол шашты нәрлендіреді әрі қалпына келтіреді.
5Шаш жұмсақ әрі ылғалданған болуы үшін шаш күтіміне арналған NIVEA ассортиментінің қандай өнімдерін қолдануға кеңес бересіз?
Күнделікті қолдану үшін ең дұрысыNIVEA «ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ» құралдар желісі. Жеңіл формуласының арқасында сусабын мен шашты ауырлатпай, қарқынды ылғалдандырады. Өнімнің құрамына табиғи ингредиенттер кіреді, соның ішінде – алоэ вера және су лалагүлінің сығындысы. Алоэ вера – құрамындағы су мөлшері өте жоғары өсімдіктер ішіндегі рекордсмені. Ол өте құрғақ шаштың да ылғалын ұстап, нәрлендіруге қабілетті. Сонымен қатар, «УЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ» желісінің құрамына Сұйық Кератин кіреді. Бұл керемет, өйткені кератин сіздің шашыңызда бар және оларды жұмсақ етіп, сауықтырады. Шаш неғұрлым жақсы күйде болса, оны сәндеу де жеңіл болмақ. Кез келген типтегі шашқа қажеттісі осы.
6Өмір стилі қалайша шаштың жай-күйіне әсер етеді?
Қазіргі кезде әйелдердің көбі жасына қарамастан, күні бойы немесе жарты күн жұмыс істейді. Олардың отбасы мен жұмысын үйлестірулеріне тура келеді. Олар нәзік әрі күтімді болып көрінгілері келеді бірақ бұл өмір салтына және тұлғалығына сай келуі керек. Әйел шашы ұзын немесе қысқа болуына қарамастан, ол шашты көбінесе үйде сәндейді, сондықтан шаш қию негізгі рөл атқарады. шаштың жай-күйі де маңызды, сондықтан әйелдер сапалы сусабындарға, кондиционерлерге және басқа да шаш күтімі құралдарына көп қаржы жұмсайды. шаштың күйі неғұрлым жақсы болса, үйде күтім жасау соғұрлым жеңіл болмақ.
7Отбасылы әйелдерге шаш күтімінің қандай құралдары ең дұрысы?
Шаш күтімі құралдарын көптеп алудың қажеті жоқ – шатасып қалуға болады. Түрлі желілерді араластырып, өзіңізге лайықтысын таңдап алыңыз. Қалай болғанда да сізге сусабын, кондиционер және өз шашыңыздың типіне лайықты және қажеттіліктеріңізге сай маска қажет. Бұл өнімдер шашты ылғалдандырып, бүкіл отбасына, соның ішінде балаларға да жарайтындай болуы тиіс. Шашты сәндеуге келсек мен шашты құрғатпайтын мусс пен лакты қолдануға кеңес беремін.
8Шаш күтіміне арналған қандай құралдар ересектерге және балаларға жарайды?
NIVEA ұсынған «ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ» құралдар желісінің шашты ұқыпты күтетіні соншалық, онымен әйелдер бүкіл отбасымен және балаларымен де бөлісе алады. Бұл өте ыңғайлы! Шаш күтімі мен шашты сәндеу қиындық тудырмауы тиіс. Осы серияның өнімдері шашқа жұмсақ, сау әрі сипағанда жағымды болып қалуға көмектеседі.
ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ

САЛЛИ ҰСЫНҒАН ШАШТЫ СӘНДЕУ

ЖАЗҒЫ БҰРЫМ

Бұрымдар тағы сәнге енді. Жазда ғана емес, жылдың кез келген маусымында трендте болатын ос ыбір стильді кескінді жасаңыз. Салли ұсынған жазғы бұрым — ұзын әрі сау шашы барлар үшін тамаша таңдау. Керемет жазғы бұрыммен қыздар өздерін ерекше сұлу сезінеді, ал аналары үшін бұл еш қиындық тудырмайды.
Бейнекөріністі қарау
ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ

NIVEA ұсынған ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ

NIVEA ӨНІМДЕРІНІҢ АРҚАСЫНДА ШАШТЫ ҚАРҚЫНДЫ ЫЛҒАЛДАНДЫРУ

NIVEA ұсынған ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ сусабыны жеңіл тазартады әрі шашты ауырлатпай терең ылғалдандырады. ЫЛҒАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КҮТІМ кондиционері шашты қарқынды ылғалдандырып, оны жұмсартады. Айтарлықтай ылғалданған нәтижеге қол жеткізу үшін және шаштың ылғалдылығын сақтау үшін екі өнімді бір мезетте пайдаланыңыз.
ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ