NIVEA Q10 PLUS тиімділігіне

10 әйелдің 10-ның көзі жетті. Ал, сіздің ше?

NIVEA Q10 PLUS қартаюға қарсы бағдарлама

құрамында теріге жақын коэнзим Q10 бар, ол теріні ерте қараюдан қорғайтын антиоксидант ретінде әсер етеді

Q10 PLUS желісі

Елена Новикова

Косметолог-эстетист

Косметологиядағы тәжірибесі 10 жылдан асады

«NIVEA маркасы Нижний Новгородта тұратын әйелдер үшін Nivea Q10 PLUS қартаюға қарсы бірегей бағдарламасын өткізді. Бір ай бойы жобаға қатысқан 10 әйел NIVEA Q10 PLUS косметикасын қолданды, ал біз, кәсіби аппаратураның көмегімен желі құралдарының тиімділігін бағалап, қатысушылар терісінің жобаның басында және жобаның соңында, яғни нобельдік коэнзим Q10 компоненті бар желіні пайдаланғандарына 30 күн өткеннен кейінгі күйін бағаладық. Сіздерге де зерттеу нәтижелерін бағалап, қатысушылардың алған әсерлері туралы білуді ұсынамыз».

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Татьяна Соловьева, 51 жаста

Өз-өзіңе күтім жасау үшін құралдардың ең аз жиынтығы мен уақыт және үлкен, бірақ ниет қажет. Бұл жерде адамның жасы, оның лауазымы, кәсібі мен табысы маңызды емес. Бәрінің бірдей нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін! Күн сайын тері күтіміне арналған NIVEA Q10 PLUS құралын пайдалана жүріп, жобаның аяқталарын білесің, бірақ өз-өзіңе күтім жасау әдеті қалып қояды, және бұл — менің басты жетістігім!»

 

«Желінің барлық құралдарының текстурасы жеңіл, теріге жеңіл жағылады әрі тез сіңеді»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Наталья Сергеева, 33 жаста

«Қарбалас өмір теріге де әсер ететінін түсінемін және NIVEA арқасында өзімнің жас келіншек әрі әдемі ана болып қалуға көмектесетін мүмкіндік таптым! Терім анағұрлым тегіс әрі сипағанда, өте жағымды, ал роликті гельдің арқасында көздің айналасындағы тері біршама ағарған. NIVEA Q10 PLUS бағдарламасы — бұл бірін-бірі толықтыратын, теріге күтім жасау үшін теңдестірілген әрі дұрыс таңдап алынған құралдар. Бір сәтте емес, жүйелі түрде қолданғанда нәтижесі айқын көрінеді, бұл соған тұрарлық нәрсе!»

«Роликті гельді күндіз кез келген уақытта қолдануға болады және бұл өте ыңғайлы!»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Татьяна Разина, 37 жаста

«Таңертең көзімнің асты ісіп, қарайып тұратын, солар кетті, маңдайымдағы мимикалық әжімдер азайды, ал терімнің түсі біршама тегістелді. Алынған нәтижелерге өте ризамын және осының бәрі NIVEA Q10 PLUS қолданғанның және үнемі күнделікті күтімнің нәтижесі!»

 

«Косметика NIVEA Q10 PLUS бетке арналған күндізгі креміне тамаша жағылады»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Яна Терешкина, 29 жаста

«Терім балғынданып әрі жасарғандай — міне, менің нәтижем! Айнаға қараған сайын, қуанам: қара нүктелердің бәрі дерлік кетті, терім екі жасар қызымның терісіндей. Бетімді ұстай бергім келеді. Осы айда NIVEA терімді жақсартатын косметиканы ғана сыйлап қоймай, өз-өзіме деген сенімділік пен жеңілдікті оятып, бәріне күлімдеп қарай бергім келеді».

«Бетке арналған күндізгі крем теріні ылғалдап, оны жұмсақ әрі нәзік етеді»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Лариса Арнаутова, 39 жаста

«NIVEA Q10 PLUS құралының шынымен де әсер ететіндігіне және маған лайықты екеніне көзімді жеткізгім келді. Нәтижесін бірден көріп қана қоймай, санмен де қарауға болатыны қызық — шараның басында біздің теріміздің жай-күйін кәсіби аппаратурасын пайдаланып, косметолог анықтап берді. Науқанның аяғында дәл осындай тестен өттік. Мен дән ризамын, өйткені терімнің расымен жақсарғанын көріп тұрмын және NIVEA Q10 PLUS косметикалық құралдарын әрі қарай да пайдалануды жалғастырмақпын».

«Құралдар бір-бірімен өте үйлесімді, маған арналған тамаша жиынтық!»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Светлана Новокшонова, 49 жаста

«Қашанда тартымды көрінгің келетін адамдар бар айналамызда, мен үшін бұл өте маңызды. Маған күтім жасау процедурасының өзі ұнайды. Түнгі крем тез сіңеді әрі майланып қалмайды, тазартатын сүтшемен жуынған өте ұнайды, ал көздің айналасындағы теріге арналған роликті гельді күндіз теріме күтім жасау үшін жұмысқа алып барамын. Бір ай бойына NIVEA Q10 PLUS-тен басқа ешқандай косметиканы қолданбасам да дән дән риза болдым!»

«Роликті гель көздің айналасындағы ісінуді шынымен жояды»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Наталья Зеленцова, 34 жаста

«Мен үшін бұл жоба — өзгеріс лебі сияқты! NIVEA сұлулық әлеміне шомылуға керемет мүмкіндік берді, ал сұлулықтың күнделікті таңғы және кешкі процедуралары құлпыру мен жаңару тек бетте ғана емес, басқасында да болуы керектігін меңзейді. Күнделікті күтім өмірімнің бір бөлігіне айналды, көптеген таныстарым менің беімнің қалай жасарғанын көріп, өзіңе қалай күтім жасау керегі жөнінде кеңес беруімді сұрайды. Мен бұрынғыдан да ертерек және жақсы көңіл-күймен тұра бастадым, әрі қарай да құлпыра бергім келеді!»

 

«Желінің хош иістері нәзік әрі жағымды»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Людмила Грачева, 29 жаста

«Сұлу, табысты, тартымды болу — бұл жұмыс... Ал 25 жастан асқаннан кейін көмекшілерсіз болмайды. Мен үшін NIVEA Q10 PLUS желісі сондай көмекші болды. Өздеріңіз байқап көріңіздер, бұрын-соңды осылайша нәрлендірілмеген терінің бастапқы кезде қалайша кремді тез сіңіретінін байқайсыз. Бұрын мен сүтшені пайдаланбайтынмын, терімде тұрып қалады деп қорқатынмын, қолданып көріп, таңғалдым: терім тегіс, таза әрі ешбір жайсыздық жоқ. таңғалдым, шынымен де біз өз-өзімізге қалай күтім жасау керектігін білмейміз. Мектептерде NIVEA пәнін өткізуді ұсынамын, сонда біздің қыздарымыз бәрін білетін болады».

«Түнгі крем тез сіңеді әрі теріде майланып тұрмайды»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Ольга Заика, 31 жаста

«Жобаның басында күн сайын бізге таңертең және кешке теріні тазартып, бет пен қабаққа арналған кремді жағу керек дегенде «Осының бәріне қалай үлгеруге болады?» — деп ойладым. Сөйтсем, бұған соншалықты көп уақыт кетпейді екен, бес минут, одан көп емес! Айнадағы түрім мен жеңілдік сезімі — мені қуантады! Q10 коэнзимі бар NIVEA ерте қартаюдың белгілерімен күреседі, мен де күресудемін... бекер еместігін сеземін! Нәтижесін көріп қана қоймай, тері күтімі жөнінде көп нәрсе білдім және осы білгендерім өзіммен бірге мәңгіге қалмақ!»

«Түнгі кремнің арқасында терім балғын әрі демалып қалғандай көрінеді»

Nivea Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

Ольга Еремина, 39 жаста

«Менің арманым болатын: өзімнің терім үшін «жұмыс істейтін» косметиканы таңдап алу, осы жобаның арқасында соған қолым жетті! Мен іздеген косметикамды таптым — NIVEA Q10 PLUS. Мен үшін ең үлкен сыйлық — терімнің сау әрі күтім көрген түрі болып табылады. Ешқандай аллергия (менің терім оған бейім), ешқандай терінің құрғауы мен тартылуы сезілмейді, дақтары азайды, көздің айналасындағы тері шынымен де анағұрлым ылғалданып, «қаздың табандары» көрінбей қалды. Бұл керемет нәтиже!»

 

«Көздің жиектеріне арналған NIVEA Q10 PLUS кремі мимикалық әжімдермен күресуге көмектеседі»

Q10

NIVEA ұсынған Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарлама

NIVEA ұсынған Q10 Plus қартаюға қарсы бағдарламада теріге ұқсас Q10 коэнзим бар, ол антиоксидант ретінде әсер етіп, теріні ерте қартаюдан қорғайды. Q10 Plus желісінің құралдары әжімдермен тиімді күреседі әрі жаңасының пайда болуына жол бермейді.

Жоғары