КҮЙЗЕЛІС КЕЗІНДЕ ТЕР МЕН

ИІСТЕН №1* ҚОРҒАНЫС

Жаңасы: NIVEA Күйзеліске қарсы Қорғаныс дезодоранты

Күйзеліске ұшыраған жағдайларда терден және жағымсыз иістен қорғайды

stress-protect Барлық өнімдер
NIVEA_Campaign_Page_Infographic_Teaser_RUSSIAN

Күйзелісті пайдалану

Күйзеліс — жағымсыз нәрсе, солай емес пе? Қателесесіз! Әлемнің бірқатар елдерінің тұрғындары күйзелісті мотивация беретін жағымды күш деп есептейді, осы елдерде тұратын халықтың 60%-ы өздеріне мотивация жасау үшін және барынша пайдалы болу үшін күйзеліс жағдайларын пайдаланады екен. NIVEA косметикалық маркасы жүргізген ауқымды зерттеулердің нәтижелерімен танысып, адамдардың күйзелістен қалай шығатындығын және де «Күйзеліске жағымды көзқарас индексі» рейтингінде өз еліңіздің нешінші орында тұрғанын біліңіз.

Зерттеу нәтижелерін көру
Жоғары

Өміріміздегі күйзеліс

Біз күйзеліс жағдайына тап болып отырамыз және де бұл сөзді күнделікті өмірімізде жиі естіп жатамыз, оған құлағымыз әбден үйренген. Бірақ күйзеліс дегеннің бәрі жағымсыз ба екен? Бұл терминнің мәнін Ганс Селье 1936 жылы ағзалардың сыртқы әсерге үйрену тәсілінен туындайтын табиғи реакция деп анықтаған болатын. Және әсердің де жағымды-жағымсызы болады. Яғни біздің бар өміріміз күйзелістен тұрады, бірақ мәселе оны қалай қабылдайтынымызға байланысты.

Толық ақпарат алу
Жоғары
NDO_SP_nivea_video_orange

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС ДЕЗОДОРАНТЫ

Күйзеліс жағдайларында тердің бөлінуіне қарсы құрал ретінде расталған

NIVEA косметикалық маркасының зерттеушілер командасы жаңа ерекше дезодорант-антиперспирантты әзірлеуде айтарлықтай табысқа жетті. Адам денесінің күйзеліс жағдайларына қалай жауап беретіндігі туралы толығырақ біліп, NIVEA ұсынған Күйзеліске қарсы Қорғаныс антиперспиранттарының күйзеліс жағдайында сізді терден және жағымсыз иістен қалай қорғайтынын анықтаңыз.

Жоғары

Біздің жаңа ТВ роликтерімізді көріңіздер

Күйзеліске түскен адамның басынан өтіп жатқан сезімді сезіну үшін теле-шоуға қатысу міндетті емес. Ондай сәттерде ойыңа келетін нәрселердің ең соңғысы — терден қалатын ылғал дақтар мен жағымсыз иістер. Бақытымызға орай, жаңа Күйзеліске қарсы Қорғаныс дезодоранты 48 сағат бойы тер мен жағымсыз иістен сенімді түрде қорғайды. Сондықтан, сіздің ашуланып тұрғаныңызды ешкім де байқамай қалады! Біздің ТВ-ролигімізді тамашалаңыздар!

Жоғары
NDO_Stress_protect_female_374

КҮЙЗЕЛІС ЖАҒДАЙЫ ҚЫСА ТҮСКЕНДЕ

Біздің бәріміз де күйзеліс жағдайына тап болуымыз мүмкін. NIVEA ұсынған жаңа Күйзелістен Қорғау дезодоранты сізді тер мен жағымсыз иістен сенімді қорғайды. Күйзеліс жағдайы қай жағыңнан келіп қалатынын қайдан білесіз. Тексеріп көріңіздер.

1Эмоцияға берілген (күйзеліс) кездегі тердің бөлінуі дегеніміз не?
2Күйзеліс жағдайына ұшыраған кезде маған тердің бөлінуінен қорғаныс қажет пе?

Әрқайсымыз маңызды кездесу немесе көрісу сияқты күйзеліс жағдайларына айтарлықтай жиі тап боламыз (Әлемнің әртүрлі елдері күйзеліске қалай қарайтындығын жақсы білу үшін ауқымды зерттеуге назар аударыңыз). Дәл осындай жауапты сәттерде терді немесе жағымсыз иістен қалған дақтарды ойлап уайымдағың келмейді.

Бірақ, күйзеліс жағдайларында тердің бөлінуі біздің денеміздің эмоционалды тітіркендіргіштерге қарсы табиғи жауабы болып табылады. Бұл бәріміздің басымызда болатындығын білдіреді. Сондай-ақ қоршаған ортадағы жоғары температураның салдарынан болатын тердің тұрақты түрде бөлінуіне қарағанда, күйзеліс жағдайларында секрет айтарлықтай жылдам (бұндай құбылысты «терім бұрқ етті» деген фразеологизммен сипаттауға болады) бөлінеді және жағымсыз иісі де қатты шығады, бұл процесті басқару мүмкіндігін азайтады.

Сонымен, күйзеліске түскен кезде терлеу әр адамның басында болады. Бірақ NIVEA ұсынған Күйзеліске қарсы Қорғаныс дезодорант-антиперспирантымен ашуланып тұрсаңыз да, ешкімнің бұны байқамайтынына сенімді бола аласыз.
3NIVEA ұсынған Күйзеліске қарсы Қорғаныс дезодоранты қалай әсер етеді?
4NIVEA ұсынған Күйзеліске қарсы Қорғаныс дезодорант- антиперспиранты мені спортпен шұғылдану кезіндегі терлеуден де қорғай ала ма?
Әрине, NIVEA ұсынған Күйзеліске қарсы Қорғаныс антиперспиранттары қоршаған ортаның жоғары температурасы немесе белсенді іс-әрекеттен, сондай-ақ күйзеліс жағдайларындағы эмоционалды толғаныс салдарынан шыққан тер мен жағымсыз иістен 48 сағат бойы сенімді қорғауды қамтамасыз ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
5Триердің әлеуметтік күйзеліс сынағы дегеніміз не?
6Бұл дезодорант теріні тітіркендіре ме?
Жоқ. NIVEA маркасының басқа да антиперспиранттары тәрізді Күйзеліске қарсы Қорғаныс желісінің өнімдері дерматологиялық тұрғыдан сынақтан өткізілген. Зерттеу барысында құрамында авокадо майы бар формула қолтықтың нәзік терісіне күтім жасап, оны жұмсақ әрі тегіс ететіндігі анықталды.
Жоғары