Қауіпсіздік саясаты

 

Жеке мәліметтерді жинақтау және пайдалану

Жеке мәліметтер дегеніміз сізді анықтайтын ақпарат. Оған сіздің атыңыз, электронды және пошта мекен-жайларыңыз кіреді. Beiersdorf компаниясы сіз сол ақпаратты берген жағдайларда ғана (мысалы, электронды пошта арқылы жаңалықтар алуға жазылу кезінде, зерттеулерге немесе байқауларға қатысу кезінде, үлгілерін және брошюраларды тапсыру кезінде, немесе ақпаратқа сұраныс берген кезде) және сіздің келісіміңізбен ғана жеке мәліметтеріңізді жинайды.

Біз жеке мәліметтерді тек сіздің келісіміңізбен және әр жеке жағдайда қажетті көлемде ғана жариялаймыз, қолданамыз және береміз. Мысалы, сіздің сұрақтарыңыға және ұсыныстарыңызға жауап бергенде, сіздің өтініштеріңізді жүзеге асырғанда немесе байқаулар мен акциялардың нәтижелері туралы хабарлағанда қолданамыз.

Мұны жүзеге асыру үшін кей жағдайларда  Beiersdorf компаниясы жеке мәліметтерді  Beiersdorf тобы ішіндегі компанияларға немесе ақпаратты одан әрі өңдеу үшін сыртқы қызмет жеткізушілеріне беруі қажет. Қызмет жеткізушілер, мысалы, бұл ақпаратты тауарларды тарату мәтінінде, жарнама материалдарын дистрибуциялауда немесе байқаулар кезінде де ала алады. Beiersdorf компаниясы бұл тараптардан жеке мәліметтерді біздің нұсқаулықтарымыз бойынша, онда баяндалған ақпаратты қорғау ережелеріне сәйкес өңдеулерін талап етеді.

Сіздің жеке мәліметтеріңізді кез келген басқа үшінші тұлғаларға беру, мысалы, біздің сайттағы тіркеу деректеріңізді Facebook немесе Twitter сияқты әлеуметтік желілердегі үшінші тұлға қоғамдастықтарға беру, Сіздің алдын ала келісіміңізді талап етеді. Оған қарамастан, Сіздің жеке мәліметтеріңізді мемлекеттік құрылымдардың талаптары бойынша беруіміз қажет.

Жеке мәліметтерді жарнамалық және маркетингтік мақсаттарда пайдалану

Егер сіз жеке мәліметтеріңізді жарнамалық және маркетингтік мақсаттарда пайдалануға рұқсат берсеңіз, Сіздің жеке ақпаратыңыз сақталып, қайта қолданылатын болады, мысалы: жаңалықтарды, өнімдердің үлгілерін, байқаулар мен акцияларға қатысуға сұранымдарды тарату үшін қолданылады. Байланыс алдын ала келісілген арналар: пошта немесе электронды мекенжайлар арқылы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, біз сіздің мәліметтеріңізді пайдаланушының сұлбасын жасау немесе қолдау үшін пайдалана аламыз, ол арқылы акциялар мен жарнамалар туралы хабарлауда жеке қарым-қатынасты қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ сіздің мәліметтеріңіз сайттың тиімділігін жақсарту және талдау, жарнама, маркетинг, нарықты зерттеу және сатылымдар үшін қолданылуы мүмкін.       

Келісімнен бас тарту

Сіз кез келген уақытта толықтай немесе ішінара жеке мәліметтеріңізді қолдануға келісім беруден бас тарта аласыз.
Автоматты түрде жазылатын ақпарат (жеке емес мәліметтер)
Сіз біздің веб-сайтқа кірген кезде, біз сіздің жеке басыңызға байланысты емес жалпы ақпаратты  автоматты түрде жинақтаймыз. Мысалы, ол интернет-провайдердің атауы; біздің сайтқа дейін кірген сайттың мекен-жайы; біздің сайтта қараған беттеріңіз; кірген күніңіз және уақытыңыз; Сіздің браузеріңіз және операциялық жүйе. Бұл ақпарат жинақталып, құпия түрде талданады. Ол сайттың сыртқы көрінісін, оны толтыру және функционалдығын жақсарту мақсатында ғана қолданылады. Бұл ақпарат одан кейін өңделмейді және үшінші тұлғаларға берілмейді.

Cookies

Сіздің сайтты пайдалануды жеңілдету үшін біз «cookies» қолданамыз. Cookies – бұл үлкен емес мәтіндік файлдар. Олар сіздің компьютеріңіздің қатты дискінде сақталады. Олар біздің сайтқа өткен кезде браузердің көмегімен жасалады. Біз cookies сайтымыз қалай қолданылатындығы туралы көрініс алу үшін және алынған ақпараттың негізінде оны жетілдіре түсу үшін қолданамыз. Cookies белгілі бір беттің қаралуын, сондай-ақ сіз біздің сайтқа бұрын кірген бе едіңіз немесе жаңа келушісіз бе екендігіңізді бақылауға мүмкіндік береді. Біз пайдаланатын сookies қандай да бір жеке ақпаратты сұрамайды және сақтамайды. Егер сіз cookies алғыңыз келмесе, онда өз интернет браузеріңіздің күйге келтірулерінде компьютеріңіздің қатты дискісінен cookies жоюға, оларды тосқауылдауға немесе cookies орнатылардың алдында хабарлама алуға мүмкіндік беретін тармақты белгілеңіз.

Балалар

Біз балаларға қатысты жеке деректер жинаумен айналыспаймыз. Егер мұндай деректер балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімінсіз бізге берілді деген ақпарат белгілі болса, біз мұндай деректерді дереу арада жоямыз. Бұл ретте, біз сізден балалардың ата-аналары немесе заңды қамқоршылары ретінде берген тиісті нұсқаулықтарыңызды сақтауға міндетті боламыз. 

Ақпараттың қауіпсіздігі

Біз сіздің деректеріңіздің жоғалудан, модификациялануынан, ұрлануынан және үшінші тұлғалардың оларға кіруінен қорғау үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолдандық.

Жаңартулар және Өзгертулер

Біз кез келген уақытта және алдын ала хабарлаусыз ақпаратты қолдау туралы бөлімнің жеке тармақтарын жаңарту немесе өзгерту құқығын өзімізде қалдырамыз. Бөлімдегі өзгертулерді немесе жаңартуларды ауық-ауық тексеріп тұруыңызды сұраймыз. Жаңарту күндері көрсетілетін болады.

Осы сайт Google Analytics (Google Inc. аналитика жүйесі) қолданады. Бұл жүйе Cookies   - пайдаланушының компьютерінде сақталатын және талдау үшін деректер жинауға мүмкіндік беретін мәтіндік файлдарды қолданады. Жиналған ақпарат (сіздің қосылысу ІР адресіңізді қоса алғанда) АҚШ-тағы  Google компаниясының серверіне  беріліп, сонда сақталады. Google осы ақпаратты осы сайтқа кіру және олардың белсенділігі туралы есепті толтыру үшін қолданады. Google осы ақпаратты үшінші тұлғаға бере алады, егер заңға қайшы болмаса, немесе осы тұлғалардың Google-мен келісімі болса. Google  Сіздің IPадресіңізді Google-де сақталатын кез келген ақпаратпен салыстырмайды. Сіз өз браузеріңіздегі Cookies-ті қолданудан бас тарта аласыз, бірақ,  Cookies-ті  өшіргенде осы сайттың толығымен жұмыс істемейтінін ескертеміз.  Сіз осы сайтты қарай отырып, сіздің  Cookies -тегі деректердің Google-ға түсетінімен келіскеніңізді білдіреді.                   

Сіз Google-ге  осы сайтқа кірген кезде және осы деректерді өңдегенде, көшіріп және браузерге арналған арнайы плагинді http://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=en орнатқан кезде қосылатын  Coockies-ті (Сіздің IPадресіңізді қоса алғанда) бақылауға тыйым сала аласыз.