1. Жеке деректер

Жеке деректерді қорғауға қатысты біздің Құқықтық саясатты назарыңызға алуыңызды сұраймыз.

2. Сайтты пайдалану шарттарына өзгерістер енгізу

Үздіксіз техникалық және құқықтық инновациялардың арқасында, біз мүмкіндігіміз келгенше қолданыстағы пайдалану шарттарына өзгерістер енгізіп және/немесе жаңартып тұруымыз керек. Сондықтан біздің веб-сайтты қолданған сайын, соңғы нұсқаның жариялану күнін тексеріп отыруыңызды сұраймыз. Соңғы жаңарту 2010 жылы тамызда жүргізілді.

3. Ескертулер

Бұл веб-сайт www.NIVEA.com бастапқы экранында пайда болған, сіз таңдаған елдің резиденттері ғана пайдалануға және сол елдің заңдарына сәйкес қолдануға арналған. Бұл сайттағы материалдар, өнімдер, қызметтер мен ақпараттар сол елдің өкілеттігінен тыс жерлерде үйлесімсіз немесе қол жетімсіз болуы мүмкін. Егер сайтта жарияланған, ұсынылатын өнімдер немесе қызметтер туралы ақпарат толықтай немесе ішінара сол елдің қолданыстағы заңнамасына қарсы келген жағдайда, мұндай ақпарат жарамсыз деп есептеледі.

Тиісті сайтқа бару үшін www.NIVEA.com сайтына кіріңіз және өзіңіз орналасқан жерді таңдаңыз.

4. Авторлық құқықтар, тауарлық белгілер және интеллектуалды меншікке берілетін басқа құқықтар

Біздің веб-сайтымыздағы барлық ақпараттық толтырулар, сондай-ақ мәтіндермен, суреттермен, кескіндемелермен, аудио-, фото- және бейне файлдармен шектелмей, айқын түрде басқасы көрсетілмесе, біздің меншік болып табылады. (Бұл реттегі ұсыныс №5 гиперсілтемеге қатысты екендігіне назар аударыңыз). Авторлық құқықпен қорғалған ақпараттық толтыру белгілі рұқсатсыз тек жеке мақсаттарда ғана, яғни қоғамдық немесе коммерциялық мақсаттарда (жүктелетін файлдар, көшірмелер) емес қолдануға болады. Кез келген өзгерістер, аудармалар, редакциялаулар немесе ақпараттық толтыруларды өңдеу жұмыстары Beiersdorf AG компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Beiersdorf AG компаниясының тіркелген тауарлық белгілерін немесе логотиптерін заңсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.
Біздің авторлық құқықтарымызды немесе интеллектуалды меншікке берілетін басқа құқықтарымызды бұзу азаматтық, әкімшілік және/немесе қылмыстық заңнамаға сәйкес құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екендігіне назарларыңызды аударуды сұраймыз.

5. Жауапкершіліктен босату

Осы веб-сайтта үшінші тұлғалардың веб-сайттарына гипермәтіндік сілтемелер бар. Beiersdorf AG компаниясы үшінші тұлғалардың веб-сайттарының ақпараттық толтыруларымен таныс емес, заңсыз ақпараттық толтыруларға немесе үшінші тұлғалардың веб-сайттарындағы заңнамалардың сақталмағандығына кепілдік бермейді және жауапкершілік көтермейді. Алайда Beiersdorf AG сілтеменің немесе ақпараттың қолданыстағы заңнамаға қайшы келетіндігі туралы ресми хабарлама алғаннан кейін оларды бірден жояды.

Осы веб-сайтта жарияланған ақпарат белгілі көлемдегі жауапкершілікпен жинақталды және тексерілді. Алайда біз оның өзектілігіне, нақтылығына, толықтығына және/немесе сапасына жауап бермейміз.

Осы веб-сайт жалпы ақпаратты беруге арналған, және ешқандай жағдайда медициналық немесе өзге кәсіби кеңестің орнына қолданылмайды. Ондай кеңес алу үшін таңдаған дәрігеріңізге немесе маманыңызға баруыңызды сұраймыз. Beiersdorf AG компаниясы осы веб-сайтта жарияланған ақпарат негізінде қолданған іс-әрекеттерге жауап бермейді.

Пайдаланушы осы веб-сайтты пайдалану және деректерді жүктеу салдарына жеке өзі жауап береді. Beiersdorf AG компаниясы залал келтірілгені үшін, нақты айтқанда осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде көтеретін пайдаланушының деректер файлдарына аппараттық және/немесе бағдарламалық қамсыздандыруына келтірілген залал үшін жауапкершілік көтермейді.

6. Қорытынды қағидалар

Сол елдің заңнамасына қайшы келетін осы ережелердің қағидалары заңсыз деп есептеледі.
Егер сіз біздің веб-сайттағы құқық бұзушылықтар туралы хабарлағыңыз келсе, дереу бізбен хабарласыңыз.

Beiersdorf AG
Unnastr. 48
20253 Hamburg
Germany
Telephone: +49 (0)40 – 4909 -0
Electronic contact